Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда инватакси қызметі өзгереді: жаңа тәртіп әзірленіп жатыр

Қазақстанда инватакси қызметін көрсету тәртібі қайта қаралады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Бұл туралы 2026 жылғы 21 сәуірде өткен Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, инватакси қызметіне қатысты өзгерістер пакеті әзірленіп, құжат Қазақстанның Көлік министрлігіне жолданған. Қазіргі таңда қызмет көрсетілетін ауру түрлерінің тізімі қайта қаралып, олардың ауырлық деңгейіне қарай нақтыланған. Сонымен қатар қызмет көрсету уақытының көлемін өзгерту мәселесі де қарастырылып жатыр.

«Инватакси ең алдымен I топтағы мүгедектігі бар, яғни тұрақты түрде оңалту орталықтарына баруды қажет ететін азаматтарға бағытталуы тиіс. Ал II және III топтағы азаматтар қоғамдық көлікті пайдалана алады, сондықтан бұл қызмет барлық санатты толық қамти алмайды», – деді министр.

Сондай-ақ Асқарбек Ертаев кей жағдайларда инватакси қызметі мақсатсыз пайдаланылып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты қолжетімділік талаптарын нақтылау және бақылауды күшейту көзделіп отыр.

Министрдің сөзінше, Көлік министрлігі әзірлеп жатқан тиісті бұйрыққа өзгерістер ай соңында немесе келесі айдың басында қабылдануы мүмкін. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзгерістер пакетін маусым айында бекіту жоспарланып отыр.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда инватакси қызметі өзгереді: жаңа тәртіп әзірленіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026

Астана әкімі LRT-ның қашан іске қосылатындығын айтты

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026

Алматы облысында Тянь-Шань қоңыр аюы қысқы ұйқыдан ерте оянды

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026

Қонаевта тұрғын үйлерді басқару мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026

Қазақстанда зейнетақы жинағын алу шегі көтерілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz