Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда интернет неге баяулады? Министрлік себептерін түсіндірді

Осы демалыс күндері Қазақстанның бірқатар өңірлерінде тұрғындар интернет пен кейбір онлайн-сервистердің жұмысында іркілістерге тап болды. Байланыс сапасының төмендеуі мен желіге қосылудағы қиындықтардың себебін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі түсіндірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.06.2026
Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, ақау құрылыс жұмыстары кезінде магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдануынан болған.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, құрылыс техникасы халықаралық интернет-трафиктің негізгі бағыттарының бірін қамтамасыз ететін кабельді бүлдірген.

«»Қазақтелеком» АҚ ұсынған ақпарат бойынша, құрылыс жұмыстары кезінде халықаралық интернет-трафик өтетін негізгі бағыттардың біріндегі магистральдық кабель зақымданған. Мамандар трафикті жедел түрде резервтік арналарға ауыстырып, байланыстың толық үзілуіне жол бермеді», – деп хабарлады ведомство.

Оқиғадан кейін байланыс операторлары резервтік жүйелерді іске қосып, желінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге кіріскен. Соның арқасында интернет толық өшірілмей, тек жекелеген сервистердің жұмысында уақытша қиындықтар байқалған.

Қазіргі уақытта зақымданған учаскеде қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар кабель желісін толық қалпына келтіру үшін қажетті техникалық шараларды жүргізуде.

Цифрлық даму министрлігі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық байланыс арналары қалыпты режимде жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық жастар күні: жастар – ел болашағының берік негізі

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Қырағылық – киберқылмысқа қарсы қорған

Диана Ахметова
13.08.2026

Жол мәдениеті – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
13.08.2026

Экологиялық мәдениет – өркениет өлшемі

Диана Ахметова
13.08.2026

Құқықтық қоғам – жарқын болашақ кепілі

Диана Ахметова
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz