Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда футзалдан Еуропа чемпионаты өтеді

Албания астанасы Тиранада өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында бірқатар халықаралық және клубтық турнирлердің финалдық кезеңін қабылдайтын елдер анықталды. Шешім барысында елімізде 19 жасқа дейінгі футзалшылар арасындағы Еуропа чемпионатының шешуші кезеңі өтетін болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2025
Жаңалықтар

Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан футзал қауымдастығы ұсынған өтінім мақұлданып, жасөспірімдер құрамасы қабылдаушы ел ретінде финалдық кезеңге автоматты түрде жолдама алды. Жарысқа барлығы сегіз команда қатыспақ.

Бұл шешім – елімізде футзалдың қарқынды дамып келе жатқанын және халықаралық қауымдастық тарапынан сенімге ие болғанын көрсетеді. Қазақстан бұған дейін де футзалдан ірі жарыстарға қатысып, Еуропаның үздік құрамалары қатарынан көрінген болатын.

Мамандардың айтуынша, жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаты еліміздегі футзал жанкүйерлері үшін үлкен мереке болмақ. Сонымен қатар, бұл қадам жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, отандық футзалдың дамуына тың серпін береді.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
09.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
09.09.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Акжаркын
09.09.2026

Алматы облысының тұрғыны 650 мың теңгесін қайтарып алды

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz