Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда борышкерлерді анықтау жүйесі кеңейтілді

Қазақстанда қарызы бар азаматтарды енді тек қала көшелеріндегі және қоғамдық орындардағы емес, сондай-ақ әуежайлар, теміржол вокзалдары, метро станциялары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы бейнебақылау камералары арқылы анықтауға болады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.09.2025
Жаңалықтар

Жаңа жоба Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және Бас прокуратураның бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылды.

«Цифрлық бақылау» жүйесінің мүмкіндіктері кеңейтіліп, борышкерлерді анықтау тетіктері жетілдірілді. Бұған дейін бұл жүйе тек қалалық көшелер мен қоғамдық орындардағы камералар арқылы жұмыс істесе, енді әлеуметтік маңызы бар нысандардағы камералар да қосылды.

Сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып мемлекеттік қызмет алған немесе теміржол мен әуе билеттерін кассадан сатып алған азаматтардың деректері де автоматты түрде базаға енгізіледі. Бұл қарызын төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар айында іздеуде жүрген борышкерлер саны 4 560 адамды құраған. Оның ішінде 2 118 адамның тұрғылықты мекенжайы анықталып, жалпы анықтау көрсеткіші 39,3 пайыз болды.

Бұл бастама қарызды өндіру процесін жеделдетіп, борышкерлердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz