Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда апатты вокзалдардың орнына заманауи кешендер салынады

Қазақстанда теміржол вокзалдарын жөндеуге бағытталған ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында облыс орталықтарында, шағын қалалар мен елді мекендерде орналасқан 124 теміржол вокзалы бір мезгілде жаңартылып жатыр. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.01.2026
Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, аталған нысандардың 46-сында құрылыс-монтаждау жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланып отыр. Вокзалдардың басым бөлігі кеңес дәуіріне дейін немесе кеңестік кезеңде салынған және соңғы 30–40 жылда күрделі жөндеуден өтпеген.

Баспасөз хабарламасында айтылғандай, ұзындығы 836 шақырымды құрайтын Достық – Мойынты теміржол желісі құрылысы толық аяқталып, Қазақстан – Қытай бағыты бойынша өткізу қабілеті бес есеге артты. Бұл халықаралық көлік дәліздері арқылы транзиттік жүк тасымалының өсуіне мүмкіндік берді.

Сонымен қатар ұзындығы 75 шақырым болатын Алматы қаласының айналма теміржол желісі жобасы аяқталуға жақын. Жоба транзиттік ағынды қайта бөлуге, сондай-ақ қаладағы экологиялық және көлік жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Жаңа теміржол желілері салынып жатыр

Қазіргі уақытта 323 шақырымдық Мойынты – Қызылжар теміржол желісі құрылысы басталды. Бұдан бөлек, ұзындығы 157 шақырым Дарбаза – Мақтаарал және 297 шақырымдық Аягөз – Бақты теміржол желілері бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Техникалық тексеру нәтижесінде кейбір вокзалдар апатты жағдайда деп танылған. Мұндай ғимараттар толық бұзылып, олардың орнына заманауи әрі қауіпсіз жаңа вокзал кешендері салынуда.

Бағдарлама шеңберінде вокзал аумақтары кеңейтіліп, инженерлік жүйелер жаңартылады. Сонымен қатар ғимараттардың қасбеттері мен ішкі көрінісі, күту залдары мен жолаушылар платформалары жөнделеді. Санитарлық жағдай мен қауіпсіздік деңгейін арттыру да басты назарда.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын облыстық әкімдіктер таңдаған мердігер ұйымдар жүргізеді. Қаржыландыру Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жобаның негізгі мақсаты — Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын заманауи талаптарға және халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкестендіру.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz