Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда антитеррорлық операциялар тәртібіне өзгеріс енгізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) өкілеттігін кеңейтетін заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, МКҚ қызметкерлері терроризмге қарсы операциялар жүргізу кезінде терроршыларға қарсы ескертусіз қару қолдану құқығына ие болады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Тиісті заң мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

Заңға сәйкес, антитеррорлық операция жүргізілетін аймақта операцияға қатысушы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері терроршыларға қарсы күш қолдануға, сондай-ақ қызметтік жануарларды, арнайы құралдарды, қару-жарақты, жауынгерлік және өзге де техниканы алдын ала ескертусіз әрі шектеусіз пайдалануға құқылы.

Құжатта бұл шаралар терроризм қатеріне жедел әрекет ету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілгені көрсетілген.

«Антитеррорлық операция жүргізу аймағында антитеррорлық операцияға қатысушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері терроршыларға қарсы күш қолдануға, қызметтік жануарларды, арнайы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ескертусіз және шектеусіз қолдануға құқылы», – делінген заң мәтінінде.

Заңға 10 маусымда қол қойылған. Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енеді.

 

Тегтер: заңҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Ұйғыр ауданында «ӨРІК FEST – 2026» фестивалі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

2026 жылғы әлем чемпионаты салтанатты түрде ашылды

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

Қазақстанда антитеррорлық операциялар тәртібіне өзгеріс енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

Қазақстанда 15 мыңнан астам адамға рақымшылық жасалады

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

Алматы облысы мен Таиланд арасындағы әріптестік жаңа деңгейге көтеріледі

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz