Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда әскери оқу орындарына түсу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

Қазақстанда әскери және арнаулы оқу орындарына түсу талаптарын жеңілдету көзделіп отыр. Бұл норма Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған жаңа заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026
Жаңалықтар

Құжатқа сәйкес, енді талапкерлердің балл көрсеткіштері тең болған жағдайда басымдық әлеуметтік осал топтарға және дарынды жастарға беріледі. Атап айтқанда, жетім балалар, «Алтын белгі» иегерлері және халықаралық олимпиада жеңімпаздарына артықшылық қарастырылған.

Айта кетейік, арнаулы оқу орындарына ұлттық қауіпсіздік органдарының академиялары, ішкі істер органдарының оқу орындары және әскери институттар жатады. Бұл білім беру ұйымдары нақты бір қызметке бағытталған мамандар даярлайды.

Сонымен қатар, заң жобасында IT саласының мамандарын арнаулы мемлекеттік органдарға тарту тетігі де өзгертіледі. Бұған дейін мұндай қызметке қабылдау үшін жас шектеуі болған, енді бұл талапты алып тастау ұсынылып отыр. Бұл өзгеріс цифрландыру дәуірінде білікті мамандарға деген сұраныстың артуымен байланысты.

Құжатта терроризм мен экстремизмнің алдын алу шараларын күшейту де қарастырылған. Енді экстремистік және террористік материалдарды тек тарату ғана емес, оларды сақтау да заңмен тыйым салынуы мүмкін.

Депутаттар интернет кеңістігіндегі бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Әсіресе аудио және бейнематериалдардың таралуына ерекше назар аудару ұсынылған.

Бұдан бөлек, мемлекеттік құпияны білетін тұлғаларға қатысты талаптар қатаңдатылады. Егер олар рұқсатсыз шетелге шықса, жауапкершілікке тартылады. Мұндай жағдайда айыппұл мөлшері екі есеге дейін ұлғайып, заңбұзушылық қайталанса, қызметкер жұмыстан босатылуы мүмкін.

Аталған заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданып, екінші оқылымға жолданды.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz