Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан жолдарындағы қозғалыс шектеулері: Жаңа толықтырулар енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2024
Жаңалықтар

2024 жылғы 12 қарашада Көлік министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен жол қозғалысын уақытша шектеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Жаңа ережелерге сәйкес, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көлік құралдарының қозғалысы арнайы бекітілген жол тізбесі мен индекстеріне сәйкес ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жазғы және көктемгі кезеңдерде ауа температурасына байланысты ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетіні нақтыланды.

Жазғы кезеңдегі шектеулер

Ауыр салмақты көлік құралдарына жаз мезгілінде:

  • 1 маусым – 15 тамыз аралығында (сағат 11:00–21:00), температура +25°C жоғары болса, келесі өңірлерде қозғалысқа шектеу қойылады:
  • Абай, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
  • 1 маусым – 31 тамыз аралығында (сағат 10:00–22:00), келесі өңірлерде шектеу енгізіледі:
  • Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстары.

Шектеулердің ерекшеліктері:
Жазда температура +25°C асқанда, жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын көліктердің қозғалысына күндізгі уақытта шектеу қойылады. Асфальт-бетон жолдарда бұл көрсеткіш 9 тоннаға дейін болады.

Көктемгі кезеңдегі шектеулер

  • 1 наурыз – 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстарында;
  • 23 наурыз – 1 мамыр аралығында Абай, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында шектеулер қолданылады.

Көктемгі шектеулер бойынша да жеке білікке түсетін жүктеме 8 тоннадан асқан жағдайда қозғалыс уақытша тоқтатылады.

Шектеулерден босатылатын көліктер

Бұл шектеулер кейбір көліктерге қолданылмайды:

  • Халықаралық жолаушылар және жүк тасымалдау көліктері;
  • Азық-түлік, дәрі-дәрмек тасымалдаушылар;
  • Төтенше жағдайлар қызметі;
  • Гуманитарлық көмек көліктері;
  • Құрылыс және әскери тасымал көліктері.

Жаңа қағида 2024 жылғы 26 қарашадан бастап күшіне енеді. Бұрынғы ережелердің бірқатары осы бұйрықтың негізінде өз күшін жояды.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

В «Городе кочевников» появился экопарк: высажено 500 деревьев

Николай Иващенко
18.04.2026

Акция «Таза Қазақстан» объединяет жителей Алматинской области

Николай Иващенко
18.04.2026

Новоселье в Талгаре: 25 семей получили ключи от новых квартир

Николай Иващенко
18.04.2026

Марат Султангазиев провел обряд разрезания пут у малышей

Николай Иващенко
18.04.2026

В Алматы состоялась международная конференция, посвященная развитию науки в эпоху ИИ

Николай Иващенко
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz