Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Қазақстан тарихта алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізеді

Халықаралық үстел теннисі федерациясы туын салтанатты түрде табыстау рәсімі Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026
Әлем, Жаңалықтар

Осы сәттен бастап Қазақстан әлемдегі ең ірі халықаралық спорттық жарыстардың бірін өткізуші ел мәртебесіне ресми түрде ие болды. Бұл туралы ҚР Үстел теннисі федерациясына сілтеме жасап, Астана әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Үстел теннисінен әлем чемпионаты 2027 жылғы 22-30 мамыр аралығында Астанада өтеді.

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізетін мемлекет атанып отыр. Мамандардың пікірінше, бұл – тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін тарихи жетістік.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлемдік додаға спортшылар, жаттықтырушылар, ұлттық федерациялар өкілдері, төрешілер мен халықаралық делегаттарды қоса алғанда шамамен 1250 ресми адам келеді деп күтілуде. Сонымен қатар турнир шетелдік жанкүйерлер мен туристердің елордаға көптеп келуіне ықпал етеді.

Жарыс бес санат бойынша өтеді: ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сын, ерлер және әйелдер жұбы, сондай-ақ аралас жұптар бәсекесі.

Негізгі жарыс алаңы ретінде шамамен 8 мың көрерменге арналған Барыс Арена таңдалды. Ал қосымша алаң ретінде 6,8 мың адамға арналған QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешені пайдаланылмақ.

Сондай-ақ чемпионат аясында Астанада ITTF Summit 2027 іс-шарасы ұйымдастырылады. Оның құрамына Халықаралық үстел теннисі федерациясының жыл сайынғы Бас ассамблеясы мен Атқару комитетінің отырыстары кіреді.

«Астанада әлем чемпионатының өтуі Қазақстанда үстел теннисінің жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын дәлелі. Бұл еліміздің халықаралық спорт аренасындағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді ұйымдастыру комитеті.

Айта кетейік, 2027 жылғы әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім 2025 жылғы 27 мамырда Қатардың Доха қаласында өткен ITTF Бас ассамблеясында қабылданған болатын. Турнирді өткізу құқығына Қазақстанмен қатар Франция, АҚШ, Қытай және Бразилия да үміткер болған.

Финалдық дауыс беруде Қазақстан 54,68 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

«Туды Қазақстанға табыстау – елге көрсетілген үлкен сенімнің белгісі. Біз Астананың ұйымдастыру жұмыстарын жоғары деңгейде өткізіп, әлемдік үстел теннисіне лайықты алаң болатынына сенімдіміз», – деп мәлімдеді Халықаралық үстел теннисі федерациясы өкілдері.

Тегтер: Қазақстанспорт

Соңғы жаңалықтар

Два брата организовали производство синтетических наркотиков в Арыси

Николай Иващенко
12.05.2026

Ложные сообщения о взрывах: полиция Казахстана предупреждает об ответственности

Николай Иващенко
12.05.2026

Символ истории и силы: в Алматинской области завершился масштабный республиканский турнир по дзюдо

Николай Иващенко
12.05.2026

В Алматинской области школьникам рассказали о военном образовании в системе Нацвардии

Николай Иващенко
12.05.2026

Какая погода будет на этой неделе в Алматинской области

Николай Иващенко
11.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz