Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарашада ауа райы қандай болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.11.2024
Жаңалықтар

Синоптиктер қарашада оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде қар аралас жауын-шашын мен аязды күндер күтілетінін, ай бойы екпінді жел соғып, бұрқасын, көктайғақ және тұман байқалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қарашаның алғашқы онкүндігінің басында ауа температурасының жоғарылауы болжануда.

Елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде температура -5+5 градустан +2+8 градусқа дейін, күндіз +2+7 градустан +7+12 градусқа дейін көтеріледі. Кейінірек түнде -2-8°С, күндіз 0,-5°С дейін төмендейді.

Оңтүстік өңірлерде 4-10 қараша аралығында жаңбыр жауады, кей күндері нөсер күтіледі, ал таулы аймақтарда жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0,+5°С, таулы аймақтарда -3 градустан +5+10 градусқа дейін, күндіз +17+22 градусқа дейін, таулы аймақтарда +14 градусқа дейін жоғарылайды. Ал 5 қарашадан бастап түнде температура 0,-5 градусқа, таулы аймақтарда -8 градусқа, күндіз 0,+5 градусқа, таулы аймақтарда -5 градусқа дейін төмендейді.

Республиканың батыс өңірінде түнгі температура +4+10 градустан -2-7 градусқа, күндіз +7+15 градустан -2+5 градусқа дейін төмендейді.

Айдың екінші жартысында аяздар күшейеді. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ең суық күндерде түнгі температура -15-24°С, күндіз -7-12°С дейін төмендейді. Батыс және оңтүстік өңірлерде түнде -3-15°С, күндіз 0,-7°С дейін болады.

Орталық Азия мен Жерорта теңізінен жылы ауа массаларының таралуымен, республика аумағында жылы күндер байқалады: солтүстік өңірлерде +3+8°С, оңтүстік өңірлерде +8+15°С дейін көтеріледі.

Жалпы, қараша айында Қазақстан бойынша ауа температурасы нормаға жақын болады деп күтілуде. Жауын-шашын мөлшері де көпшілік өңірде қалыпты деңгейде болады. Алайда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодардың басым бөлігі, Атырау облысының солтүстік-батысы, Ақтөбе облысы, Қостанайдың солтүстігі, Ақмола, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде нормадан жоғары жауын-шашын болжануда. Сол сияқты, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының басым бөлігі, Қызылорданың оңтүстік-шығысы, Қарағанды және Абай облыстарының оңтүстігінде де жауын-шашын мөлшері әдеттегіден көп болуы мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz