Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Қарасай аудандық соты ауруханада жанжал шығарған әйелге айыппұл салды

Алматы облысындағы Қарасай ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты терапевт-дәрігерді балағаттап, оның компьютерін сындырған әйелге қатысты істі қарады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2025
Алматы облысы, Жаңалықтар

Аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2025 жылдың 22 қаңтары күні шамамен кешкі сағат 19:00-де С. есімді келіншек Қарасай орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөлімінде жандал шығарған, терапевт-дәрігерге дөрекі сөз айтып, компьютердің пернетақтасын сындырып кеткен. Сот бұны «міндетін орындап отырған медициналық қызметкерге құрмет танытпау» деп тапқан. Сотқа келген келіншек кінәсін мойындаған.

«Сот отырысында ол кінәсін мойындап, енесінің денсаулығы үшін алаңдағанын, сондықтан, үстелді ұрып, дәрігердің пернетақтасын сындырып жібергенін айтқан. Бірақ, ол дәрігерге жаңа пернетақта алып берген. Дәрігерден кешірім сұрап, жасаған ісіне өкініш танытқан», — деп хабарлайды сот.

Соттың мәліметіне сүйенсек, оқиғаны полиция қызметкерлері тіркеп, әкімшілік заң бұзу фактісі туралы хаттама толтырған.

«Сот қолда бар дәлелдерді және әйелдің өз кінәсін мойындап тұрғанын ескеріп, оны кінәлі деп тапқан.  Жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, сондай-ақ әйел алғаш рет заң бұзып тұрғанын ескеріп, оған салынған айыппұлды 30% қысқартып, әйелге  82 572 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады», — деп хабарлайды Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz