Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қар мен көктайғақ кезінде сақ болыңыз! Жүргізушілерге ескерту

Қорлан Нұрланқызы
03.12.2024
Жаңалықтар

Бүгін қыстың үшінші күні. Көп ұзамай елдің оңтүстігінен өзге өңірлерде қалың қар қауып, аязды қыс басталады. Қардың қалың жаууы көлік жүргізушілеріне қиындық тудыратыны анық. Темір тұлпар тізгіндегендерге қарлы боранда жолға шықпау ең дұрыс шешім. Алайда күйбең тіршілікпен асыққан адамдар үйінде отыра алмасы анық. Ал көлігімен көшеде жүйткіп жүретін, алыс жолға шыққанда ескертуді елемейтін жүргізушілер қар қалың жауғанда қандай ережелерді сақтауы керек? Аlataunews.kz тілшісі бұл сұраққа жауап іздеп көрді. 

Көліктің техникалық жағдайын тексеріңіз

Жазғы шиналармен, істен шыққан жарықшамдармен, ескі тазалағыштармын, зақымданған тежегіштермен жолға шығу өте қауіпті. Сіз өзіңізге, жолаушыларға және жол қозғалысының барлық басқа мүшелеріне қауіп төндіресіз. Темір тұлпарды қысқы ауа-райына алдын ала дайындап алыңыз. 

Сіз жаздағыдай жүре алмайсыз

Асфальт пен қарда жүру стилі мүлдем екібөлек. Біріншіден, арақашықтықты сақтаңыз. Екіншіден, түрлі маневрлер туралы ұмыту керек. Үшіншіден, көлік қауіпсіз тоқтауы үшін тежегішті ертерек басу керек. Қиылыстың алдында және бұрылыстарда қатты жылдамдықпен келе жатып тоқтаудан аулақ болыңыз. Бірқалыпты жылдамдықпен тайғақ жолда қар құрсауынан аулақ боласыз. 

Жылдамдықты асыруға болмайды

Қысқы мезгілде жылдамдықты ақылға қонымды шекте ұстау керек. Тым жоғары жылдамдықта жүргізуші өте тез реакция білдіруі керек. Сол себепті көлік жүргізуді жолдағы нашар жағдайларға бейімдеген абзал.

Қозғалтқышы қыздырмай, көлікті қардан тазаламай жүрмеңіз

Қыста алдымен көлікті қардан тазартып, тұманды терезелерді сүрту керек. Көліктің айналасын мұқият шолып шығыңыз. Бақылау тақтасында қозғалтқыштың қысымы көлік жүрмей тұрған кезде де жоғары болады. Бұл кезде дөңгелектің астына мұз қатқан болса қозғалу қиын. Қозғалтқышты тежеу де мүмкін емес. Сондықтан көлік маторын 80-90 градусқа дейін жақсылап қыздырыңыз. 

Қажетті жабдықтарсыз алыс жолға шықпаңыз

Форс-мажорлық жағдайларға алыс жолға шықсаңыз болады. Алайда көлігіңізде күрек, терезе қырғыш, тросс, өзге көліктің аккумуляторына жалғайтын сымдар, авариялық тоқтату белгілері болуы керек. Өзіңіз үшін тағы бір жылы куртка, ыстық сусын термосы, телефонға арналған Power bank алыңыз.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz