Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент сот жүйесін жетілдірудің басым бағыттарын атап өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.10.2024
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдірудің маңызды міндеттеріне тоқталып, сот шешімдеріне кассациялық тәртіппен шағымдану мүмкіндігін арттыру қажеттілігін атап өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Президенттің айтуынша, шілде айында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жеке кассациялық соттар құруды көздейтін заңға қол қойылды. Кассациялық соттар өз жұмысын 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап бастайды және олардың құрамы тәжірибелі судьялардан жасақталуы тиіс. Бұл сот төрелігіне қол жеткізуді жақсартып, инвестиция тарту мен бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл қадам Жоғарғы Соттың жүктемесін азайтып, сот тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тоқаев сот жүйесін цифрландырудың маңыздылығын да атап өтті. Цифрлық технологиялар сот процестерінің ашықтығын арттырып, сот ісін жеңілдетуге ықпал етуде. Сонымен қатар, жасанды интеллектіні кеңінен пайдалану сот дауларын азайтуға септігін тигізетіні айтылды.

Тегтер: Қазақстанмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz