Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент кеден және логистика саласына жасанды интеллектіні енгізуді тапсырды

Президент қазан айының аяғына дейін жүк тасымалдаушылардың жұмысын жеңілдететін Smart Cargo бірыңғай цифрлық жүйесі іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.09.2025
Жаңалықтар

«Жүк тасымалдаушылар рәсімдердің көп уақыт алатынын айтып жиі шағымданады. Олар әр қызметті түрлі цифрлық жүйе арқылы рәсімдеуге мәжбүр, тіпті бұрынғыдай қағаз толтырып әуре-сарсаңға түсіп жатады. Кейбір шекара және кеден бекетінде сапалы интернет жоқ. Осындай қолайсыз жағдайларды тез арада түзетуіміз қажет», — деді ол.

Тоқаев жасанды интеллектіні қолдана отырып, тасымалды басқарудың кешенді көпбейінді платформасын енгізу керектігін айтты.

«Сонымен қатар жасанды интеллектіні қолдана отырып, тасымалды басқарудың кешенді көпбейінді платформасын енгізу керек. Бұл жұмысты тез аяқтау қажет. Қазан айының соңына дейін кеден және логистика қызметін көрсететін Smart Cargo бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосқан жөн. Бұл жүйе инфрақұрылымды жеке компанияларға автоматты түрде бірдей қолжетімді етеді», — деді президент.

Мемлекет басшысы шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғырту ісіне де тоқталды. Биыл 8 бекет толығымен іске қосылмақ. Алдағы үш жылда тағы 34 бекет жаңартылады.

«Бұл өте ауқымды шаруа, себебі кейбір бекеттердің сапасы сын көтермейді, қазіргі заманның талабына сәйкес келмейді. Еліміздің беделіне нұқсан келтіреді», — деді президент.

Тоқаев автокөлікпен жүк тасымалдауға шекара маңындағы қызмет сапасын жақсартуды Үкімет пен әкімдіктерге тапсырды.

Тегтер: қазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 103 мың шаршы метр тұрғын үй кешендері салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
09.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
09.09.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Акжаркын
09.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz