Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент III Стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі

Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйлеп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың маңызына, ғылым мен білімнің жаһандық өркениеттегі рөліне және Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026
Жаңалықтар

Президенттің айтуынша, форумға жаһандық ғылым жүйесінің көрнекті өкілдері, әлемге әйгілі ғалымдар, білім саласының білікті мамандары мен сарапшылар қатысып жатыр. Жиында халықаралық ғылыми ықпалдастық мәселелері жан-жақты талқылануда.

Мемлекет басшысы қазіргі тұрақсыз әрі бұлыңғыр кезеңде әлемдік университеттер қауымдастығының салмақты пікірлері мен ұстанымдарын білдіруі маңызды екенін атап өтті.

«Сіздердің, яғни ғылым өкілдерінің халықаралық шиеленістердің азаюына қосатын үлесі өте маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент ғылымның адамзат үшін ортақ игілік екенін айтып, ғылыми жетістіктерді елдердің жарқын болашағы мен азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жолында тиімді пайдалану қажеттігін жеткізді.

«Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде ғылым-білімнің әлем өркениетіндегі орны айрықша. Біз елдеріміздің жарқын болашағы мен азаматтарымыздың сапалы тұрмысын қамтамасыз ету үшін әлем қауымдастығы болып ғылым-білімдегі әр жетістігімізді саналы түрде кәдеге жаратуымыз керек. Стратегиялық серіктестер форумының негізгі мақсат-міндеті де осы деп күмәнсіз айтуға болады», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев форумның Қазақстан үшін тарихи кезеңде өтіп жатқанына да назар аударды. Биыл еліміздің тәуелсіз мемлекет болғанына 35 жыл толады.

Президенттің сөзінше, Қазақстан осы уақыт ішінде халықаралық беделі жоғары, экономикалық әлеуеті зор, болашағы жарқын, аймақта көш бастап тұрған және әлем мойындаған мемлекетке айналды.

«Халқымыз осы жылдар ішінде көптеген белесті табысты еңсерді. Біртұтас жұртымыздың бірлігі күшейіп, мемлекеттігіміз нығайды. Осылайша, Ұлы даладағы бірегей өркениетіміз қайта жаңғырды», – деді ол.

Мемлекет басшысы соңғы жеті жылда Қазақстанда ауқымды реформалар жүзеге асырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл өзгерістер халықтың өміріне және бүкіл қоғамның болмысына оң ықпал етуде.

Форум аясында ғылымды дамытуға және өзге де өзекті мәселелерге қатысты құнды пікірлер мен тиімді ұсыныстар айтылып жатыр. Президент мұндай бастамалар отандық және шетелдік жоғары білім беру саласының әлеуетін нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында алкогольсіз өмір салтын насихаттауға бағытталған бастама көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

Қонаев қаласында қандай қылмыстар жиі тіркеледі?

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
19.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
19.11.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
19.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz