Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында алкогольсіз өмір салтын насихаттауға бағытталған бастама көтерілді

Алматы облысының Алатау қаласына қарасты Құйған шағынауданында «Алкогольсіз ауыл – салауатты өмір салтының кепілі» тақырыбында тұрғындармен кездесу өтті. Жиында алкогольді тұтынудың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026
Жаңалықтар

Кездесуге Алатау қаласы полиция басқармасы басшысының орынбасары Айдос Молдағалиев, ардагерлер ұйымының мүшесі Асан Құлтанов, Қоғамдық келісім және дамыту орталығының маманы Ғабит Сембиев және алғашқы медициналық көмек көрсету орталығының қызметкері Айдана Баймұхан қатысты.

Жиында мамандар алкогольді ішімдіктерді тұтынудың адам денсаулығына, отбасы берекесіне және қоғамдық қауіпсіздікке тигізетін кері әсеріне тоқталды. Сондай-ақ тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен құқықбұзушылықтардың алдын алудың маңыздылығы айтылды.

Алатау қаласы полиция басқармасы басшысының орынбасары Айдос Молдағалиев қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. Ол қауіпсіз орта қалыптастыруда тұрғындардың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті.

Ал медицина маманы Айдана Баймұхан алкогольдің адам ағзасына зиянын түсіндіріп, денсаулықты сақтаудың және зиянды әдеттерден бас тартудың маңыздылығына назар аударды.

Қоғамдық келісім және дамыту орталығының өкілі Ғабит Сембиев тұрғындар арасындағы өзара түсіністік пен қоғамдық келісімді нығайту, жастарға дұрыс тәрбие беру және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелерін көтерді.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы уақытта бірлескен жұмысты жалғастыру жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Жиын қорытындысында тараптар ынтымақтастықты нығайту және ортақ бастамаларды жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қойды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастаманың негізгі мақсаты – Құйған шағынауданында алкогольсіз өмір салтын насихаттау, тұрғындардың денсаулығын қорғау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз қоғамдық орта қалыптастыру.

Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жоспарланып отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында алкогольсіз өмір салтын насихаттауға бағытталған бастама көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

Қонаев қаласында қандай қылмыстар жиі тіркеледі?

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
19.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
19.11.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
19.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz