Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент этностар театры фестивалін өткізуді ұсынды

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 9 орыс драма театры мен төрт этнос театры — ұйғыр, корей, өзбек және неміс театрлары табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2025
Жаңалықтар

«Ассамблеяның 30 жылдығына орай, Алматы қаласында осы театрлардың басын қосып, Қазақстан этностарының театр өнері фестивалін өткізуді ұсынамын», — деді Президент.

Мемлекет басшысы сондай-ақ мәдениет пен өнердің бірлік пен келісімді нығайтудағы рөліне ерекше тоқталып, Астана мен Алматы қалаларында этномәдени бағыттағы музей экспозицияларын ұйымдастыру қажеттігін айтты.

«Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыру үшін мәдениет пен өнердің толық әлеуетін пайдалануымыз керек. Қазақстанда Александр Пушкин, Тарас Шевченко, Федор Достоевский, Михаил Шолохов сынды әлемге әйгілі тұлғаларға арналған музейлер жұмыс істеп жатыр. Бұл — еліміздің мәдени байлығын толықтырып тұрған құнды қазына. Осындай музейлердің экспозицияларын кеңінен таныстыру мақсатында Астана мен Алматыда көрмелер ұйымдастыру маңызды. Сонымен қатар, кейбір этномәдени бірлестіктердің өздері жинақтаған бірегей өнер туындылары мен этнографиялық жеке коллекциялар да еліміздің мәдени мұрасына айналуы тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: assembly.kz

Тегтер: қазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz