Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Өскемен қаласындағы «Қазцинк» кәсіпорнында болған төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға түтін сорғыш құрылғыны тазалау кезінде болған. Компания дерегінше, жұмыс барысында жарылыс болып, артынша өрт шыққан. Соның салдарынан ғимараттың кейбір конструкциялары ішінара құлаған.

«Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды, тағы бес адам жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілуде», – делінген компания хабарламасында.

Кәсіпорын өкілдері қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Апат орнында жедел қызметтер жұмыс істеп, салдарын жою шаралары жүргізілуде.

Компанияның мәліметінше, арнайы комиссия құрылып, жарылыстың себептері анықталып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеру қорытындысы бойынша белгілі болады.

Сондай-ақ уәкілетті органдар жарылыстың қоршаған ортаға әсерін де зерттеуде. Алдын ала деректерге сәйкес, рұқсат етілген шекті мөлшерден аспайтын шаң таралған, қауіпті ластаушы заттардың бөлінуі тіркелмеген.

Тегтер: жаңалықҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Сауалнама: Президентке сенім деңгейі 86,7 пайызды құрады

Қорлан Нұрланқызы
16.05.2026

Қазақстан Халық Кеңесі қандай орган болады? Министр түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

15 мамырда Алматы облысында қатты жел соғады

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Шамалған ауылында жеке үйдің ауласынан жылан табылды

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Алматы облысында жасөспірім жүргізуші 12 жастағы баланы қағып кетті

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz