Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мұқағали елі үлкен тойға дайындалып жатыр: Райымбек ауданының 90 жылдығына не жоспарланған?

Алматы облысындағы Райымбек ауданы биыл өзінің 90 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтпек. 9-11 шілде аралығында өтетін мерекелік іс-шаралар аясында республикалық айтыс, ғылыми конференция, гала-концерт және халықаралық этнофестиваль ұйымдастырылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ал 10 шілдеде Нарынқол ауылында қазақ поэзиясының классигі, Хан Тәңірінің түлегі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған ғылыми-танымдық конференция өтеді. Басқосуда ақын мұрасы, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен шығармаларының рухани құндылығы талқыланады. Конференцияға белгілі ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысады.

Сол күні кешкісін аудан орталығында мерейтойлық гала-концерт ұйымдастырылады. Мерекелік кеште қазақстандық эстраданың танымал өнерпаздары Еркеш Хасен, Әбдіжаппар Әлқожа, Нұрсұлтан Нұрбердиев пен Баян Сұлу өнер көрсетеді.

Мерейтойлық шаралардың шарықтау шегі 11 шілдеде Шалкөде жайлауында өтетін «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі болмақ.

Табиғаты көркем, туристік әлеуеті жоғары Шалкөде жайлауында ұйымдастырылатын фестиваль ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, көшпенділер мәдениетін насихаттауға және этнотуризмді дамытуға бағытталған.

Фестиваль бағдарламасында ұлттық өнер, дәстүрлі мәдениет, қолөнер көрмелері мен этноауылдар таныстырылып, қонақтарға қазақ халқының бай мұрасын жақыннан тануға мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ фестиваль аясында ұлттық спорт түрлері мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, кешкі концертте Диана Исмаил, Ғазизхан Шекербек, Мөлдір Әуелбекова және Nurbullin өнер көрсетеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған мерейтойлық бағдарлама өңірдің тарихи-мәдени келбетін танытып қана қоймай, Алматы облысының туристік тартымдылығын арттыруға да ықпал етеді.

Айта кетейік, Райымбек ауданы – қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаев дүниеге келген қасиетті өңір. Сондықтан мерейтойлық шаралар ауданның ғана емес, жалпы қазақ руханиятының мерекесіне айналмақ.

Шараға Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары шақырылады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанРайымбек ауданы

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz