Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Мойнақ» ГЭС-інің құрылысына үлес қосқан инженер «Барыс» орденімен марапатталды

Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, инженер-энергетик Стахан Белғожаев I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мемлекеттік награданы Марат Сұлтанғазиев табыстап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Стахан Белғожаев еңбек жолын 1962 жылы Шардара су электр стансасы құрылысында бастаған. Кейінгі жылдары еліміздегі бірқатар стратегиялық нысандардың жүзеге асуына тікелей атсалысқан.

Оның қатысуымен және басшылығымен Қапшағай су электр стансасы, Мойнақ су электр стансасы, Ақтоғай су электр стансасы, Бестөбе және Бартогай су қоймалары, сондай-ақ Үлкен Алматы каналы секілді ірі жобалар іске асырылған.

Бұл нысандар энергетика жүйесін дамытуға, су ресурстарын тиімді басқаруға, суармалы егіншілікті жетілдіруге және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыруға үлкен серпін берген.

Сонымен қатар еңбек ардагері ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларында да жемісті еңбек еткен. Оның басшылығымен өндірістік кешендер, заманауи жылыжайлар және қайта өңдеу кәсіпорындары салынған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хатында Стахан Белғожаевтың ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өткен.

«Сіз ұзақ жыл бойы түрлі жауапты қызметті абыроймен атқарып, Жетісу өңірін көркейтуге мол үлес қостыңыз. “Мойнақ” су электр стансасын іске қосуға атсалысып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға зор еңбек сіңірдіңіз. Ғибратты өмір жолыңыз өскелең ұрпаққа үлгі болады», – делінген хатта.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев энергетика мен құрылыс саласының дамуына үлес қосқан аға буын өкілдерінің еңбегі әрдайым жоғары бағаланатынын айтты.

«Стахан Белғожаевтың еңбек жолы – кәсібіне адалдықтың, жоғары жауапкершіліктің және елге қызмет етудің жарқын үлгісі. Бұл марапат – бір адамның ғана емес, тұтас буынның еңбегіне көрсетілген құрмет», – деді облыс әкімі.

Шара барысында Стахан Белғожаевтың замандастары мен шәкірттері естеліктерімен бөлісіп, ізгі тілектерін жеткізді. Ал марапат иесі көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, ақ батасын берді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» республикалық форумы басталды

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Қазақстанда 3000 запастағы әскери міндетті оқу-жаттығу жиындарына шақырылады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Интернет-пирамидалардан сақ болыңыз!

Диана Ахметова
29.06.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
29.06.2026

Мәулен Әшімбаев Сенатпен қоштасты: қос палаталы Парламенттің 30 жылдық кезеңі аяқталады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz