Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Министрлік мәлімдеді: биыл ҰБТ-ны 240 мыңға жуық түлек тапсырады

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) өтініш қабылдау аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Министрлік мәліметінше, негізгі ҰБТ 10 мамырда басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлерге тестілеуді екі рет тапсыру мүмкіндігі беріледі. Бұл оларға грант конкурсына ең жоғары жинаған нәтижесімен қатысуға жол ашады.

Биыл тестілеуге 240 мыңға жуық талапкер өтініш берген. Екі мүмкіндік ескерілгенде жалпы 446 мыңнан астам өтініш қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. 2025 жылы шамамен 216 мың талапкерден 399 мың өтініш түскен болатын.

Талапкерлердің 73 пайызы қазақ тілінде, 27 пайызға жуығы орыс тілінде тест тапсыруды таңдаған. Ал 521 адам ағылшын тілінде тестілеуге қатысуға өтініш білдірген.

Ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы — “Математика-Физика”. Оны талапкерлердің 17,9 пайызы таңдаған. Екінші орында “Биология-Химия” (14,5 пайыз), ал үшінші орында “Шығармашылық емтихан” комбинациясы (12,4 пайыз).

ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты мен UTO.kz қосымшасы арқылы жүргізілді. Талапкерлер өздеріне ыңғайлы күнді, уақытты және тест тапсыру пунктін өздері таңдаған.

Министрлік талапкерлердің дайындық сапасын арттыру үшін бірқатар қосымша мүмкіндіктер қарастырылғанын атап өтті. Қаңтар және наурыз айларындағы ҰБТ тапсырған түлектерге әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау ұсынылған. Бұл олардың әлсіз тұстарын анықтап, негізгі тестілеуге дейін дайындықты күшейтуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының сайтында байқау сынақтары іске қосылған. Талапкерлер үшін тест тапсырмалары құрастырылатын әдебиеттер тізімі, тест жоспары, “Қазақстан тарихы” мен “Дүниежүзі тарихы” пәндері бойынша 100 тарихи дата, “Информатика” пәнінен терминдер тізімі, сондай-ақ әдеби шығармалар тізімі жарияланған.

Министрлік 2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалатынын хабарлады. Талапкерлер үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тест тапсырады. Жалпы тапсырма саны — 120.

Оның ішінде “Қазақстан тарихынан” 20 сұрақ, “Оқу сауаттылығы” мен “Математикалық сауаттылықтан” 10 сұрақтан, ал екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 сұрақтан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары көрсеткіш — 140 балл.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz