Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы: заң не дейді?

Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі. Бұл бағыттағы басты тәуекелдердің бірі – мүдделер қақтығысы, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес, мүдделер қақтығысы – мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның жеке мүддесі мен оның қызметтік өкілеттігі арасындағы қайшылық. Мұндай жағдайда жеке мүдде қызметтік міндеттердің объективті әрі адал орындалуына әсер етуі мүмкін.

Жеке мүдде тек материалдық пайдамен шектелмейді. Ол мемлекеттік қызметшінің өзіне, туыстарына, достарына немесе іскерлік байланыстағы өзге тұлғаларға қандай да бір артықшылық жасау ниетін де қамтиды.

Мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу мәселелері «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдармен реттеледі. Атап айтқанда, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 51-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметші мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда қызметтік өкілеттіктерін жүзеге асыруға құқылы емес және мұндай жағдайдың алдын алуға міндетті.

Мамандардың айтуынша, мүдделер қақтығысы әртүрлі себептермен туындауы мүмкін. Олардың қатарында шешім қабылдауға мүдделі тұлғалармен туыстық қатынас, коммерциялық ұйымдардағы мүліктік мүдде, сыйлықтар мен артықшылықтар алу, қызметтік ақпаратты жеке мақсатта пайдалану немесе қосымша қызметтің негізгі жұмыстың объективтілігіне әсер етуі бар.

Іс жүзінде мұндай жағдайлар мемлекеттік қызметшінің туысына тиесілі компанияның конкурсына қатысуы, жақын адамдарын қызметке тағайындау, бюджеттік қаражатты бөлу немесе жекелеген тұлғаларға негізсіз артықшылық беру кезінде кездесуі мүмкін.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметші мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін екені белгілі болған сәтте бұл туралы өзінің тікелей басшысына жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Бұдан кейін мемлекеттік орган басшылығы қызметкерді мәселені қараудан шеттету, өкілеттігін басқа тұлғаға беру немесе қызметтік міндеттерін өзгерту сияқты шараларды қабылдайды.

Заң талаптарын сақтамау тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Сонымен қатар мұндай заңбұзушылықтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін күшейтіп, мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіреді.

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Аманованың айтуынша, мүдделер қақтығысының алдын алу – мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі.

«Мүдделер қақтығысы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ең маңызды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бірі. Мұндай жағдайлардың алдын алу мен тиімді реттеу мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын, әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын, қызметтік әдеп қағидаттарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауы мемлекеттік басқару сапасын арттырып, азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтады», – дейді Гүлжан Аманова.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Диана Ахметова
25.06.2026

ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨМІРДІ САҚТАУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Диана Ахметова
25.06.2026

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы: заң не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz