Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мемлекеттік білім гранттарының нәтижесі қашан жарияланатыны белгілі болды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланатын күн мен уақытын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

«Құрметті жас достар! Сіздерге жақсы жаңалығым бар! Бүгін 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия құрамында қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсіподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс істеді. Комиссия отырыстарында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асырылды. Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін! Биыл конкурсқа қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш қабылданды. Талапкерлердің басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарын таңдады», деп жазды Саясат Нұрбек Telegram-дағы парақшасында.

Министр қабылдау науқанының қорытындысы бойынша болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтар мен педагогтер даярлайтын білім беру бағдарламалары арасында бір гранттық орынға бәсекелестік ең жоғары болады деп күтілетінін ескертті.

«Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындылары 2026 жылғы 7 тамыз күні сағ. 15.00-де төмендегі негізгі әрі ресми ақпарат көздерінде жарияланады», — дейді министр.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz