Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мектептерде жаңа пәндер енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2024
Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Депутаттың айтуынша, материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен дамытуда халықаралық тәжірибеге сүйену маңызды. Мәжілісте осы бағытта жеке заң жобасын әзірлеу ұсынылды.

«Біз пайдалы мен пайдасызды, құнды мен құнды еместі ажырата білуіміз керек. Материалдық емес мәдени мұраны мақтанышпен қорғап, сақтауға тиіспіз. Бұл мұраны жастарға жеткізу үшін оны мектеп бағдарламасына енгізу қажет. Осылайша, өскелең ұрпақ бұл құндылықтарды сақтауға үлкен жауапкершілікпен қарайтын болады. Алда бұл бағытта атқарылар жұмыс көп,» – деді Әлтай Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында.

Депутаттар қазақ тілін, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді, ертегілер мен салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды сақтау және насихаттау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz