Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев: «Алматы облысында туризм экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс»

«Әкімге сұрақ» бағдарламасының арнайы шығарылымында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдегі туризм саласын дамыту, агротуризм мүмкіндіктері және туристік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Облыс әкімінің пікірінше, Алматы облысының табиғи әлеуеті туризмді экономиканың маңызды бағыттарының біріне айналдыруға толық мүмкіндік береді. Ол өңір экономикасы тек өндіріс пен ауыл шаруашылығына ғана емес, туризм саласына да сүйенуі қажет екенін атап өтті.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бүгінде көптеген елдер туризмді тұрақты табыс көзіне айналдырып отыр. Сондықтан бұл бағытты Алматы облысында да жүйелі түрде дамыту маңызды.

Сұхбат барысында агротуризм мен экотуризм мәселесіне ерекше назар аударылды. Әкімнің сөзінше, ауыл шаруашылығы дамыған аймақтарда туризмді қатар дамыту жергілікті тұрғындар үшін қосымша табыс көзіне айнала алады.

«Агроөнеркәсіпті дамытқанда тек өнім өндіріп қана қоймай, сол өңірдің табиғатын, мәдениетін, ауыл өмірін туристік бағыт ретінде дамыту қажет», – деді облыс әкімі.

Марат Сұлтанғазиев Қытайға жасаған жұмыс сапары кезінде туризм мен ауыл шаруашылығын қатар дамытудың тиімді тәжірибесін көргенін айтты. Оның сөзінше, көрші елде қарапайым ауылдардың өзі туристік нысанға айналып, жергілікті халықтың табысын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Әкім мұндай тәжірибені Алматы облысында да жүзеге асыруға әлеует жеткілікті екенін жеткізді. Өңірде тау аймақтары, көлдер, ұлттық парктер мен табиғи ландшафттар көп болғандықтан, туризмді дамытуға мүмкіндік жоғары.

Бағдарламада туризм саласының шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасын әртараптандыруға ықпал ететіні де айтылды.

Сонымен қатар облыс әкімі туристік инфрақұрылымды дамыту, туристік аймақтардың сапасын арттыру және тазалық мәдениетін қалыптастыру мәселелері өңір үшін негізгі басымдықтардың бірі болуы тиіс екенін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» республикалық форумы басталды

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Қазақстанда 3000 запастағы әскери міндетті оқу-жаттығу жиындарына шақырылады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

Интернет-пирамидалардан сақ болыңыз!

Диана Ахметова
29.06.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
29.06.2026

Мәулен Әшімбаев Сенатпен қоштасты: қос палаталы Парламенттің 30 жылдық кезеңі аяқталады

Қорлан Нұрланқызы
29.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz