Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы тұрғындарын Бірлік күнімен құттықтады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңір тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өңір басшысы өз құттықтауында бұл мерекенің қазақстандықтар арасындағы татулық пен өзара құрметтің символы екенін атап өтті.

«Бұл – елімізде бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан барлық азаматтардың бір-біріне деген құрметі мен ыстық ықыласы ерекше сезілетін күн. Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілі өмір сүреді. Соның 105-і Алматы облысында тұрақтап, бірлік пен келісімде ғұмыр кешуде», – деді әкім.

Аймақ басшысының айтуынша, өңірде 34 этномәдени бірлестік белсенді жұмыс істейді. Олар дәстүрді сақтау, мәдениет пен руханиятты дамыту, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық өсімге үлес қосып келеді.

«Осындай ұйымдардың еңбегі арқылы қоғамдық келісім нақты мазмұнға ие болып, терең мәнге толығады. Қоғамдық бірлестіктерге, ақсақалдар мен аналар кеңестеріне ел бірлігін нығайту жолындағы қызметі үшін алғыс білдіремін», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ әкім Қазақстан халқының бірлігі, өзара ынтымақтастық пен бейбітшілік елдің басты құндылықтары екенін атап өтті.

Өңір басшысы тұрғындарға денсаулық, отбасыларына амандық, үйлеріне береке тілеп, елде әрдайым бейбітшілік пен татулық салтанат құруын тіледі.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Сауалнама: Президентке сенім деңгейі 86,7 пайызды құрады

Қорлан Нұрланқызы
16.05.2026

Қазақстан Халық Кеңесі қандай орган болады? Министр түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

15 мамырда Алматы облысында қатты жел соғады

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Шамалған ауылында жеке үйдің ауласынан жылан табылды

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Алматы облысында жасөспірім жүргізуші 12 жастағы баланы қағып кетті

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz