Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Конституцияның 18-бабындағы тілдік айырмашылық түсіндірілді

Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев жаңа Конституцияның 18-бабының қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқалары арасындағы айырмашылыққа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.02.2026
Жаңалықтар

Оның айтуынша, комиссия қарауына аталған бапқа қатысты бірқатар ұсыныстар түскен. Заңгерлер мен сала мамандары заң техникасы тұрғысынан кейбір мәселелер бар екенін атап өткен.

«Атап айтқанда, баптың екінші тармағында қазақ тіліндегі мәтінде “сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімінен артық ұстауға болмайды” деп көрсетілген. Бұл дұрыс тұжырымдалған норма. Алайда орыс тіліндегі нұсқада “мерзімінен артық ұстау” деген шешуші ұғым толық қамтылмаған. Соның салдарынан кейбір мамандар оны “сот шешімінсіз күдіктіні мүлде ұстауға болмайды” деп түсінуі мүмкін деген алаңдаушылық білдіруде. Мұндай жағдайда қалыптасқан сот-тергеу тәжірибесіне қиындық туындауы ықтимал», — деді Өмірәлиев.

Ол ауыр қылмыстарға қатысты жедел әрекет ету қажеттігін атап өтті.

«Кісі өлтіру және қоғамға қауіпті басқа да қылмыстар кідірісті көтермейді. Қылмысты тоқтату, күдіктіні ұстау және оны дереу оқшаулау құқық қорғау органдарының негізгі міндеті. Ал одан әрі күзетпен ұстау мәселесін сот шешеді. Бұл халықаралық тәжірибеде қалыптасқан тәртіп», — деді ол.

Осыған байланысты Бас прокурордың бірінші орынбасары талқылаудағы норманы нақтылауды ұсынды.

«Конституция — еліміздің басты құқықтық темірқазығы. Оның әрбір нормасы анық әрі түсінікті болуы керек, екіұшты тұжырым болмауға тиіс. Сондықтан аталған норманы қайта қарап, нақтылауды ұсынамын», — деді Өмірәлиев.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz