Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың есімі ЮНЕСКО төрінде ұлықталды

Қорлан Нұрланқызы
07.11.2024
Жаңалықтар

Бүгін қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген қаламгердің 100 жылдығы Париж қаласында, ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде аталып өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан 1992 жылы ЮНЕСКО мүшесі болды. Сол кезеңнен бастап түрлі салаға қатысты шаралар халықаралық деңгейде қолдау тауып келеді.

Сондай ауқымды шаралардың бірі 100 жылдық мерейтойға арналған конференцияны Елші, ҚР-ның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов жүргізді. Алқалы жиынға ҚР МАМ комитетінің төрағасы Рустам Әли қатысып, көпшілікке ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызының құттықтауын жеткізді . Ал Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының құттықтауын облыстық маслихат төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы жеткізді. Сондай-ақ отырысқа бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.

Бұған қоса шара барысында «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті. Осы орайда Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, жазушы-публицист Марат Тоқашбаев, филология ғылымының докторы Кенжехан Матыжанов және ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Жанарбек Əшімжан сөз алып, Б. Соқпақбаев шығармашылығының ерекшелігі, сондай-ақ Азия және Еуропа елдерінің әдеби байланысының маңызына тоқталды. Оған қоса асылдың тұяғы Самал Соқпақбаева әкесі жайлы естеліктерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
 
Шара барысында Мәдениет жөніндегі ЮНЕСКО Бас диреткорының орынбасары Эрнесто Оттоне Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын жоғары бағалап, өз ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, Қазақстанның  халық әртісі, күйші-сазгер Секен Тұрысбек және «Үшқоңыр» фольклорлық ансамблі көпшілікке қазақ өнерін паш етті.

194 мемлекеттің білім, ғылым жә­не мәдениет салаларындағы ын­ты­мақ­тастығын дамытып жүрген ЮНЕСКО жұмысы алға баса берсін!

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz