Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кеген ауданында ірі өндіріс орындары салынып жатыр

Алматы облысында агроөнеркәсіп саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Осы орайда Кеген ауданында бірден екі ірі өндірістік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өңірде қолға алынған жобалардың бірі – қой жүнін терең өңдейтін комбинат. Жобаны MERGEN HOLDING ЖШС жүзеге асыруда. Кәсіпорынның жалпы аумағы 2 мың шаршы метрді құрайды, ал инвестициялық құны 1,2 млрд теңгеге бағаланған. Комбинат жылына 2 мың тоннадан астам қой жүнін өңдеуге қауқарлы болады.

Қазіргі таңда құрылыс алаңын қоршау және тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, өндірістік жабдықтарды орнату үшін мердігерлермен келіссөздер жүргізілуде. Болашақта өңделген жүннен көрпе, текемет және өзге де тұрмыстық бұйымдар өндіріліп, ішкі нарыққа шығарылмақ. Өнімнің бір бөлігі экспортқа бағытталады.

Кеген ауданында жүзеге асырылып жатқан тағы бір жоба – сүт өңдеу зауыты. Бұл нысанды Kegen milk ЖШС салып жатыр. Зауыт тәулігіне 30 тоннаға дейін сиыр сүтін өңдеп, май, қаймақ, құрт, ірімшік секілді өнімдер шығарады.

Сонымен қатар, алдағы уақытта ірі қара терісін өңдейтін комбинаттың құрылысы да басталады деп жоспарланып отыр. Аталған кәсіпорында былғарыдан аяқ киім, сырт киімдер және басқа да өнімдер өндірілмек.

Жаңа өндіріс орындарының іске қосылуы өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Кеген ауданында ірі өндіріс орындары салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

Қытай инвесторлары Қазақстанның агросекторына қызығушылық танытты

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Алматы облысында шегірткеге қарсы ауқымды науқан басталады: 1,8 млн гектар жер бақылауға алынады

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Қонаевта денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz