Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданында референдум күні жас жігіт сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

15 наурыз күні өткен республикалық референдум барысында Іле ауданындағы дауыс беру учаскесінде ерекше әрі әсерлі оқиға тіркелді. Дауыс беруге келген жас жұп бұл күнді өз өміріндегі ұмытылмас сәтке айналдырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Референдум учаскесіне бірге келген жас жігіт дауыс беру рәсімінен кейін көпшілік алдында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, оған сақина ұсынды. Күтпеген сәт учаскеде болған тұрғындардың қызығушылығын тудырып, көпшілік қуанышты оқиғаға куә болды.

Жігіттің айтуынша, дәл осы күнді таңдауының өзіндік мәні бар.

«Бүгін – еліміз үшін маңызды күн. Әр азамат ел болашағына қатысты өз таңдауын жасап жатыр. Біз де өз болашағымызға қатысты маңызды шешім қабылдадық. Сондықтан ұсынысты дәл бүгін жасағым келді», – деді ол.

Ал қалыңдық бұл күннің өз өмірінде мәңгі есте қалатынын айтты.

«Мен мұндай ұсынысты мүлде күтпедім. Бүгін референдумға келдік, ал бұл күн біздің отбасымыздың да бастауына айналды. Бұл сәт мен үшін өте ерекше», – деді ол.

Учаскеде болған тұрғындар жас жұпқа ақ тілектерін айтып, бұл оқиғаның референдум күніне ерекше жылулық пен жағымды көңіл күй сыйлағанын жеткізді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz