Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Іле ауданында көгалдандыру жұмысы қарқынды жүруде. Ақши ауылынан бастап, 15 шақырымға созылған жол жиегіне 10 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Сонымен қатар елді мекендердің көркін арттыру мақсатында 10 мың қылқанжапырақты ағаш отырғызу жоспарланған.

Іле ауданы әкімінің орынбасары Алмас Бөкенаевтың айтуынша, бұл жұмыстар өткен жылы «Қазақстан темір жолы» АҚ-ға берілген рұқсат негізінде кесілген ағаштардың өтемі ретінде жүргізіліп жатыр.

«2025 жылдың мамыр айында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы “Алматы” стансасы торабын айналып өтетін теміржол желісін салу жобасы аясында шамамен 8500 ағашты кесуге рұқсат берген болатын. Қазіргі отырғызылып жатқан көшеттер сол кесілген ағаштардың орны толтыру мақсатында жүзеге асырылуда», – деді ол.

Жобаны «Ақбастау Gardens» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Келісімге сәйкес отырғызылатын ағаштардың биіктігі 2,5 метрден, ал қылқанжапырақты түрлері 2 метрден кем болмауы тиіс.

Мердігер ұйымның учаске басшысы Сәбит Қарақұловтың сөзінше, бүгінде 6 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылған.

«Ағаш түрлері өңірдің климаттық ерекшелігіне сай таңдалды. Ыстыққа төзімді көшеттер отырғызылып жатыр. Сонымен қатар ылғалды сақтайтын арнайы гидрогель қоспасын қолданудамыз. Қазір 30 жұмысшы мен бірнеше техника жұмылдырылған. Күніне шамамен 2 мыңға жуық ағаш отырғызылуда. Жұмысты 1,5 ай ішінде толық аяқтауды жоспарлап отырмыз. Одан кейін 3 жыл бойы күтім жұмыстарын жүргізіп, нысанды жергілікті әкімдікке тапсырамыз», – деді ол.

Жоба толық жүзеге асқаннан кейін Іле ауданы жасыл желекке оранып, тұрғындарға жайлы экологиялық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осылайша жұмыс толық аяқталған соң аудан жасыл желекке оранып, тұрғындар игілігіне айналмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz