Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

ІІМ Алматы облысында есірткіге қарсы жұмыстың жаңа басымдықтарын айқындады

Алматы облысында есірткі қылмысының алдын алу және мемлекеттік есірткіге қарсы саясатты іске асыру мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 11-13 маусым аралығында Қонаев қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жиынға ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов, ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов, сондай-ақ Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі республикалық кеңестің өкілдері қатысты.

Көшпелі іс-шара аясындағы негізгі кездесулердің бірі Алматы облысы әкімдігінде өтті. Өңір әкімінің орынбасары төрағалық еткен жиынға мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділері қатысты.

Кеңес барысында өңірдегі есірткіге қарсы жұмыстың алдағы кезеңдегі басым бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, интернет арқылы жасалатын есірткі қылмыстарына қарсы күресті күшейту, өңірлік штабтар мен профилактика кеңестерінің жұмыс тиімділігін арттыру, жастар арасында есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру және бірлескен алдын алу шараларын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік есірткіге қарсы саясатты жүзеге асыруға азаматтық қоғам институттарын белсенді тарту, қоғамда есірткіге төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды.

Жиын барысында жергілікті атқарушы органдардың, полиция бөлімшелерінің және қоғамдық ұйымдардың өңірдегі есірткі ахуалын тұрақтандыруға бағытталған міндеттерді орындауы маңызды екені атап өтілді.

ІІМ өкілдерінің айтуынша, мұндай көшпелі кездесулер ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтіп, мемлекеттік органдар мен қоғамның күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді. Бұған дейін осындай іс-шара Көкшетау қаласында өткізілген.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz