Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Геннадий Головкин Мұхаммед Әли мен Майк Тайсонның қатарына қосылды

Қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) қабылданған алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Салтанатты рәсім АҚШ-та өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Olympic мәліметінше, Головкин Даңқ залына алғашқы ұсынылған сәтінен-ақ қабылданған. Бұл кәсіби бокс әлеміндегі ең жоғары марапаттардың бірі саналады. Енді оның есімі Muhammad Ali, Mike Tyson, Floyd Mayweather Jr. және Manny Pacquiao секілді бокс тарихындағы аңыз тұлғалармен қатар аталады.

Қазақстандық спортшымен бірге «Класс-2026» құрамына америкалық Антонио Тарвер, британдық Найджел Бенн, жапониялық Наоко Фудзиока және мексикалық Джеки Нава енгізілді.

Геннадий Головкин бұл мәртебеге өзінің бірегей спорттық жетістіктерінің арқасында ие болды. Әуесқой бокста ол 350 жекпе-жектің 345-інде жеңіске жетіп, ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасының көшбасшысы болды. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарда ел намысын абыроймен қорғады.

Кәсіпқой рингте Головкин XXI ғасырдағы орта салмақтағы ең үстем чемпиондардың біріне айналды. Ол кәсіби мансабында 45 жекпе-жек өткізіп, 42 рет жеңіске жетті. Оның 37-сі нокаутпен аяқталған.

Қазақстандық боксшы әр жылдары WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының чемпиондық белбеуін иеленді. Сондай-ақ ұзақ уақыт бойы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың әлемдік рейтингінде көш бастады.

HBO телеарнасымен жасалған келісімшарттан кейін Головкин әлемдік бокстың басты жұлдыздарының біріне айналды. Оның шабуылға құрылған жарқын стилі мен жойқын соққылары миллиондаған жанкүйердің ықыласына бөленді. Қазақстандық боксшының жекпе-жектері тұрақты түрде әлем бойынша миллиондаған көрерменді экран алдына жинады.

Головкин орта салмақ тарихындағы бірнеше рекордтың иесі. Оның тоғыз жылға созылған қатарынан 23 нокауттық жеңісі дивизион тарихындағы ең ұзақ сериялардың бірі саналады. Сонымен қатар ол әлем чемпионы титулдарын 21 рет сәтті қорғады. Ал мерзімінен бұрын аяқталған жеңістер көрсеткіші 90 пайыздан асып, әлем чемпиондары арасындағы ең жоғары нәтижелердің бірі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Бүгінде Геннадий Головкин Қазақстанның спорттық мүддесін тек рингте ғана емес, халықаралық спорттық басқару деңгейінде де қорғап келеді. Ол Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті президенті және World Boxing ұйымының президенті қызметтерін атқарады. Осылайша ол халықаралық спорт федерациясын басқарған алғашқы қазақстандық атанды.

Тегтер: ҚазақстанОлимпиада

Соңғы жаңалықтар

25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Мемлекет басшысы Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Мемлекет басшысы табиғатты қасақана ластайтындарға жазаны күшейтуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Тоқаев мерзімінен бұрын мәслихаттар сайлауы өтетінін жариялады

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz