Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына 3,8 млрд доллар инвестиция құйды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2025
Жаңалықтар

Президентке халықаралық қаржы институтының жұмыс нәтижесі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Қазақстан экономикасына былтыр 1,4 миллиард доллар қаржы салған, ал инвестиция портфеліндегі қазақстандық жобалардың үлесі 60 пайызға жеткен.

Қазақстан Республикасы бойынша 2022-2026 жылдарға арналған стратегия аясында аталған банк елімізге 3,8 миллиард доллар инвестиция құюды жоспарлаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл меже мерзімінен бұрын орындалғаны туралы мәлімет берілді. Биыл банкке жалпы сомасы 4,5 миллиард доллардан асатын жобалар ұсынылды. Еуразиялық даму банкі энергетикалық нысандарды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін, көлік және логистика салаларын дамыту бағыттарына, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге, инфрақұрылым нысандары құрылысына, өнеркәсіп және цифрлық технологияларға қатысты жобаларға 1 миллиард доллардан астам инвестиция салуды көздеп отыр.

Николай Подгузовтың айтуынша, ЕАДБ серіктестермен және көпжақты ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, сондай-ақ өздері ұйымдастыратын халықаралық іс-шаралар арқылы Қазақстанның қаржы нарығын дамыту және инвестиция тарту ісіне белсенді атсалысуға ниетті.

Мемлекет басшысы банктің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

Еуразиялық даму банкі – инвестициялық қызметін Еуразия кеңістігінде жүргізетін көпжақты даму банкі. Оның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. 2025 жылы ЕАДБ портфеліне жалпы инвестиция сомасы 16,5 миллиард доллар болатын 305 жоба енді. Банк өз жұмысында көлік инфрақұрылымы, цифрландыру, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграцияға тиімді әсер ететін жобаларға басымдық береді.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған республикалық конференция өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

Ішімдікке қарсы күрес – салауатты қоғамның басты кепілі

Диана Ахметова
01.07.2026

Президент Құрылтай сайлауын 23 тамызға тағайындады

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

Алматы облысының тауларында жоғалған зейнеткер аман табылды

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

1 шілдеден бастап Қазақстанда не өзгереді? Жаңа Конституциядан бастап QR-төлемдерге дейінгі басты өзгерістер

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz