Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Еңбекшіқазақ ауданындағы апатты көпірді су шайды: әкімдік түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы ҮАК бойындағы автожолда орналасқан көпірдің су шайып кеткені түсірілген видео кеңінен тарады. Оқиғаға байланысты Алматы облысының әкімдігі ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Түрген өзені арқылы өтетін КВ-49 автомобиль жолының 54-шақырымындағы көпірдің техникалық жағдайы бұған дейін-ақ бақылауға алынған. Атап айтқанда, нысан 2024 жылы апатты деп танылып, қауіпсіздік мақсатында ол арқылы көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Әкімдік өкілдері 2026 жылғы 1 шілдеде жауған нөсер жаңбыр салдарынан Түрген өзеніндегі су деңгейі күрт көтерілгенін айтады. Соның салдарынан апатты көпірдің айналасындағы топырақты су шайып, конструкция маңында қосымша бүліну белгілері тіркелген.

«2026 жылғы 1 шілдеде жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Түрген өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, нәтижесінде аталған апатты көпір құрылысының айналасындағы топырақты су шайып кеткені тіркелді», – деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Ведомство мәліметінше, ескі көпірді жаңасына ауыстыру мәселесі бұған дейін жоспарланған. Қазіргі уақытта жобаға қажетті жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарына қажетті қаржы да қарастырылған.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысы бойынша мердігер ұйым анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстарын осы айда бастау жоспарланып отыр.

Осылайша, әлеуметтік желіде тараған видео жаңа апаттың салдары емес, бұған дейін апатты деп танылған көпірдің табиғи факторлардың әсерінен одан әрі бүлінгенін көрсетеді. Ал көпірді толық жаңарту жұмыстары жақын арада басталмақ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Сайлау қорытындысына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында «Алтын адам кубогы» халықаралық бокс турнирі басталды

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында 4,6 млрд теңгеге банан өсіретін жылыжай салынуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz