Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Жаңашар ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5829 азамат енгізілген. Дауыс беруге 3119 тұрғын қатысты. Үш кандидаттың арасынан ең көп дауыс жинаған Айбек Нұрланұлы Нұрланов жеңіске жетті. Ол 2165 дауысқа ие болды. Қалған кандидаттардың нәтижесі бойынша Айдын Сәрсенбайұлы Байтілеуовке 521, Динара Төлегенқызы Ибраимоваға 396 дауыс берілген.
Сайлау қорытындысы бойынша 1976 жылы туған Айбек Нұрланұлы Нұрланов Жаңашар ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Бұған дейін ол округ әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Ал Рахат ауылдық округінде сайлаушылар тізіміне 19 734 азамат енгізіліп, олардың 10 072-сі дауыс берген. Үш кандидаттың арасынан Руслан Ерланұлы Қыдырғожаев басымдықпен жеңіске жетіп, 7187 дауыс жинады. Нұртас Ықыласұлы Сәдібековке 1172, Ержан Берікұлы Телтаевқа 1611 дауыс берілді.
Сайлау нәтижесінде 1989 жылы туған Руслан Ерланұлы Қыдырғожаев Рахат ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Ол бұған дейін осы округ әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайлау нәтижелерін ресми түрде жариялап, екі округ бойынша да әкімдерді сайланған деп таныды.





