Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Енді қыз алып қашқандарға жаза күшеймек

Қорлан Нұрланқызы
11.12.2024
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдап, Президент реформаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Ерлан Қошанов сессия басталғалы Мәжілісте 31 заң қабылданып, Сенатқа жолданғанын, сондай-ақ 15 заңға Президент қол қойғанын атап өтті. Аталған заңдардың қатарында Бюджет кодексі, биржалық сауда, есірткі қылмысы үшін жазаны қатаңдату, «Келешек» ерікті жинақтаушы жүйесі, соттарды жаңғырту және әкімшілік заңнаманы жетілдіру секілді маңызды бастамалар бар.

Қазіргі таңда Мәжіліс депутаттары 71 заң жобасын қарап жатыр. Бұл жобалардың арасында Салық, Су, Құрылыс, Цифрлық кодекстері, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, қаржы нарығын дамыту және әскери-патриоттық тәрбие мәселелері қарастырылған.

Сондай-ақ, Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес, қыз алып қашуға қатысты жазаны қатаңдату туралы заңнамалық түзетулер дайындалып жатыр. Депутаттар сонымен қатар парламенттік бақылау жұмыстарын күшейтіп, жуырда Жоғары аудиторлық палата ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігі туралы есепті талқылаған.

Ерлан Қошанов заң шығару үдерісінің ашықтығына ерекше назар аударылып, сарапшылар мен қоғам өкілдерін тарту жұмыстарының жалғасып жатқанын жеткізді. Қоғамдық палатаның тұрақты отырыстары, депутаттардың аймақтардағы сапарлары және сайлаушылармен кездесулері де осы бағыттағы жұмыстарға кіреді.

Сонымен қатар, Қошанов «Amanat» партиясының «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» және халықтың қаржылық сауатын арттыруды көздейтін «Қарызсыз қоғам» жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Тегтер: Қазақстанмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz