Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Енді мектептерде жасанды интеллектке қатысты жаңа пән пайда болады

Қазақстан мектептерінде жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары енгізіле бастады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2025
Жаңалықтар

Комитет төрағасының айтуынша, 2024–2025 оқу жылынан бастап ЖИ оқу процесінің барлық деңгейінде қосымша білім беру құралы ретінде қолданылуда. Оның басты мақсаты – оқу сапасын арттыру және білімді жан-жақты меңгеруге мүмкіндік беру.

«200 мыңға жуық педагог арнайы дайындықтан өтті және қазір сабақ беріп жүр. Жасанды интеллект – оқыту сапасын көтеретін, оқу материалын тереңірек игеруге көмектесетін құрал. Дегенмен, педагогтің басты рөлі сақталады. ЖИ ешқашан мұғалімді алмастыра алмайды», – деді Қаныбек Жұмашев.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап «Информатика» пәнінің атауы «Информатика және жасанды интеллект» болып өзгертіледі. Бұл жаңашылдық мектептерде цифрлық сауаттылықты арттырып, оқушыларды заманауи технологияларды тиімді пайдалануға үйретуді көздейді.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының диқандары егін орағына кірісті

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы – Қаскелең тасжолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы облысы Қазақстандағы ең танымал туристік бағытқа айналды

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Қонаевтағы су мәселесі шешіледі: қалада жаңа сүзгі станциясы мен ұңғымалар салынады

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы облысының экспорты жаңа белеске шықты: өңір өнімдері әлемнің 61 еліне жөнелтіледі

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz