Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Тоқаев үкіметте кадрлық ауыс-түйіс болатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің ұсынысы бойынша жаңа жылдың басында үкіметте бірқатар кадрлық өзгеріс жасайтынын хабарлады.

29.12.2022
Саясат
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

«Мен жақында өткен үкімет отырысында бұл мәселе бойынша нақты айттым. Еліміз үшін өте маңызды бірқатар мәселе бойынша үкімет лайықты белсенділік көрсетіп отырған жоқ, шешімдерін баяу қабылдап жатыр. Үкімет осы олқылықтарды түзетіп, таяу арада оның жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын», — деді президент сенат отырысында.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Ол экономиканы одан әрі дамытуға барынша күш салу керектігін атап өтті.
«Келесі жылы ЖІӨ өсімі кемінде 4 пайыз болуы тиіс. Ал ақшаға шаққанда алғаш рет 250 миллиард долларға жетуі қажет. Ұлттық банк пен үкіметтің алдында тағы бір маңызды міндет тұр. Бұл – инфляцияны ауыздықтау. Тұрмысы төмен тұрғындарға оның қатты тиетіні анық. Осы мәселені шешпесек, экономиканы өркендету мүмкін емес», — деді Тоқаев.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы жаңа өндірістер салып, жұмыс орындарын ашу қажеттігіне тоқталды.
«Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту өте маңызды. Әйтпесе, инфляцияның өсуінен азаматтарымыз үлкен зиян шегуі мүмкін. Денсаулық сақтау және білім беру жүйесіне баса назар аудару қажет. Осы орайда, барлық жоспарымыздың орындалу барысын бақылауға алу керек. Соңғы кезде кейбір аймақтарда болған төтенше жағдайлар ел ішінде қордаланған мәселе көп екенін көрсетті», — деді президент.
Тоқаев алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу керектігін баса айтты.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы жинағын алу шегі көтерілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Министр 30 тамызға қатысты нақты жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Алматы облысында екі бірдей АЭС салынады, дайындық басталды

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Қонаев қаласында ТҮКШ бөліміне жаңа басшы келді

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz