Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Президент тапсырмасы орындалмаса дереу кадрлық шешім қабылданады — Смайылов

Әр министр өз саласы бойынша тапсырмалардың 100 пайызға орындалуына кепілдік беруі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты.

14.12.2022
Саясат

«Биыл біз күрделі геосаяси жағдайға байланысты бірқатар қиындыққа тап болдық. Бұл бағаның өсуіне, инфляцияға, экономикалық дамудың бәсеңдеуіне әкеліп соқты. 2023 жылы бізді жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдер күтіп тұр. Сондықтан, біз Президенттің сайлауалды бағдарламасы мен тапсырмаларын сапалы іске асыру үшін барынша күш салуымыз керек. Сондай-ақ, біз форс-мажор жағдайларға барынша тез әрекет етуіміз қажет», — деді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайыловтың атап өтуінше, әр министр өз саласы бойынша тапсырмалардың 100 пайыз орындалуына кепілдік беруі тиіс. Ал, әрбір әкім жергілікті жерлерде әлеуметтік-экономикалық мәселелердің сапалы шешілуін қамтамасыз етуі керек.

«Мен цифрлық жобалық офис аясында барлық бағдарламалардың, жобалар мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын тұрақты түрде бақылайтын боламын. Мерзімінде орындалмаса немесе орындалу сапасы нашар болса, дереу кадрлық шешімдер қабылданады», — деді Премьер-Министр.

Тегтер: үкімет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz