Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет пен халық арасындағы тиімді диалог үшін жағдай жасаудың маңызы зор — Әлихан Смайылов

Премьер-министр Үкімет отырысында Цифрлық даму министрлігіне бірқатар тапсырма берді

28.06.2022
Саясат
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің айтуынша, әзірленіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасы мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саланың даму тенденцияларын ескеруі тиіс, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

  • Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастыру және оны ағымдағы жылдың соңына дейін Парламенттің қарауына енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
  • Ведомстволардың салалық қызметі бойынша маманданған спикерлердің сапалы пулын қалыптастыру қажет. Олар мемлекеттік органдардың қызметі туралы түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыруы тиіс.
  • Мемлекеттік органдардың ресми өкілдері, баспасөз хатшылары ресми хабарларды берудің жаңа форматына көшуі керек. Күрделі кәсіби тілде жазылған «құрғақ» пресс-релиздерді көбейту тәжірибесімен ғана шектелуге болмайды, деп атап өтті Үкімет басшысы.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың хабарлауынша, Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
  • 2021 жылы 166 телеарнаның ішінде үздік 10 – қа 6 қазақстандық телеарна, оның ішінде 3-мемлекеттік телеарна кірді.
  • Соңғы 5 жылда мемлекеттің қолдауымен 3500-ден астам сериядан тұратын 250-ге жуық сериал түсірілді. Олардың 50-ден астамы Сингапур, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстанға сатылды.
  • Ақпарат саласын дамытудың Ұлттық жоспарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік баспа БАҚ-ты қайта ұйымдастыру және оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді.
  • 2020-2021 жылдарға арналған Медиасфера мамандарын оқыту жөніндегі арнайы жоспардың арқасында 4 мыңнан астам журналист медициналық, экологиялық, діни және IT-салаларында оқыту курстарынан өтті.

Соңғы жаңалықтар

Мамырдағы мерекелер кестесі: қазақстандықтар қалай демалады

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Алматы облысында ірі есірткі айналымы әшкереленді

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Қаскелеңде жасөспірім қыздар төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Алматы облысында алма шаруашылығы жаңа деңгейге көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Кеген ауданында бір күнде 3 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz