Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған бірқатар облыстың әкімдерін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар облыстың әкімдерін қабылдады, деп хабарлады  Ақорда.

08.12.2022
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндады. Сондай-ақ, инвестициялық жобалардың және Жұмыспен қамту жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар, Президенттің қабылдауында болған Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз ЖЭС-інің жылу желілеріндегі апаттың салдарын жоюға бағытталған шаралар жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, Екібастұз қаласының жылу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары 15 желтоқсанға дейін аяқталады. Кездесуде облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымы мен тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.

Бұдан кейін Мемлекет басшысының қабылдауында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров болды. Ол өңірді дамыту жоспары мен берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құмар Ақсақалов Қостанай облысының қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріп, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық өсім мен инвестиция тарту жөнінде баяндады. Сонымен қатар, әкім Президентке Қостанайда өтетін ХІХ өңіраралық форумға дайындықтың басталғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған облыстардың әкімдеріне өңірлерді дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына жан-жақты қолдау көрсету арқылы ауылдардың өркендеуін қамтамасыз етуді, инфрақұрылымдарды жаңғыртып, көлік-логистикалық ахуалды жақсартуды тапсырды.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Лесной фонд в Алматинской области расширяется

Николай Иващенко
20.04.2026

В Конаеве завершён первый этап биологической обработки деревьев

Николай Иващенко
20.04.2026

Касым-Жомарт Токаев выразил соболезнования в связи с кончиной Мухтара Шаханова 

Николай Иващенко
20.04.2026

Новый праздник появился в Казахстане

Николай Иващенко
20.04.2026

Спасательная операция на высоте 3300 метров

Николай Иващенко
20.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz