Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы ірі бизнес өкілдерімен кездесті

Президент «Ақорда» резиденциясында еліміздің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесу өткізді. Мұны Президенттің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

09.09.2022
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті одан әрі дамыту жолындағы отандық кәсіпкерліктің рөлін талқылау бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты екенін атап өтті.

«Қазақстан халқына Жолдауымда экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты  – бүкіл еліміздің әл-ауқатын сапалы және инклюзивті түрде жақсарту ісі өзгермейтінін ерекше атап өттім. Бұл мақсатқа еркін әрі тиімді нарықтық экономика құру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Мемлекеттің экономикадағы жетекші рөлі, әсіресе мемлекеттің бизнес ісіне араласуы келмеске кетеді және солай болуға тиіс. Мемлекеттің міндеті – заңға бағынатын бизнеске ел ішінде де, халықаралық нарықта да қолдау көрсету», – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, экономиканы монополиядан арылту және жаңа нарықтар ашу жұмыстары жалғасады.

«Бәсекелестік жағдайы теңестіріледі. Енді қандай да бір тұлғаға басымдықтар берілмейді. Үкіметтегі байланыстары мен оның тарапынан жасалатын қамқорлыққа қарамастан, Қазақстанда адал бизнеспен айналысу кез келген адамға тиімді және қауіпсіз болуға тиіс. Бұл – негізгі ұстаным. Біз шағын және орта бизнесті дамытамыз. Кәсіпкерлердің жаңа буынын өсіруге, жаңа идеялар мен ой-пікірлерді қолдауға баса мән береміз. Сонымен қатар мемлекет ірі, қалыптасқан бизнесті қолдаудан бас тартпайды. Бұл туралы жоғарыда айтып өттім. Керісінше, біз, ең алдымен, сіздерді Әділетті Қазақстан құруға белсене атсалысуға шақырамыз», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдеріне осы мақсаттарға жету үшін бірқатар шешім қабылданатынын жеткізді. Атап айтқанда, салық саясаты мен салық әкімшілігі түбегейлі қайта қаралады.

«2024 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Оны әзірлеуге бизнес тікелей қатысады. Бұл – менің Үкіметке берген тапсырмам. 2024 жылдан «басынан бастап реттеу» жүйесі іске қосылады. Бұл бизнесті артық әкімшілік қысымнан босатады. Мемлекеттік сатып алу тәсілдері мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік моделі толығымен қайта қаралып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнама жетілдіріледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ірі бизнес өкілдерін қоғамды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуде шет қалмауға шақырды.

«Адами капиталға, атап айтқанда, заманауи балабақшалар, жайлы мектептер, ауруханалар, іргелі университеттер салуға, туризмді дамытуға инвестиция құю да маңызды. Сіздер қайырымдылық істер жасауды жалғастыра беретіндеріңізге сенімдіміз. Қазір елімізде мектептердің, студенттер жатақханаларының, жастарға арналған спорт ғимараттарының тапшылығы сезіледі. Сіздердің көмектеріңіз ел үшін елеулі болар еді», – деді Президент.

Жиын соңында Мемлекет басшысы билік пен бизнес арасындағы конструктивті диалогты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz