Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

МӘМС төлемейтіндерге көлік жүргізуге тыйым салынуы мүмкін

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният МӘМС жүйесіне қандай өзгерістер енгізу керектігін айтты.

09.10.2023
Саясат

«Қазіргі кезде қаржы жүйесі актуарлық есептеулерге сәйкес өсіп келе жатқан шығыстарды еңсере алмағандықтан қор өз міндеттемелерін болашақта толық орындай алмайды деп болжап отыр. Жүйенің ұзақмерзімді қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін келесі қажет шарттарды ескеру қажет. Біріншіден, 2025 жылдан бастап әр азамат міндетті салықтық декларациясын тапсырады. Сол арқылы сақтандырылмаған азаматтардың табысы белгілі болады және шамамен 700 мың адамды МӘМС жүйесіне енгізу ескерілген», — деді А. Ғиният.

Оның айтуынша, сонымен қатар табысы төмен әрі ауылда тұратын шамамен 1,5 млн адам бюджеттік қаражат арқылы сақтандырылады.

2026 жылға қарай бұл халықтың кемінде 95 пайызын қамтуға мүмкіндік береді.

Мұнымен қоса, мемлекет пен жұмыс берушілердің жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен көтеру қарастырылған.

«Бұдан басқа, сақтандырылмаған адамдарға денсаулық және осы салаға қатысты мемлекеттік қызметтерді алу кезінде шектеу енгізу ұсынылады. Мәселен, көлік жүргізу, қару-жарақ сақтау және басқа да бағыттарда осындай шектеулерді қарастырған жөн деп санаймыз», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, МӘМС жүйесіне қатысты бюджеттік қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайту пысықталып отыр.

Осы шарттарды орындаған кезде қордың орнықтылығы сақталады.

Тегтер: Ажар Ғиният

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында конкурдан чемпионат өтеді

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026

Мұқағали елі үлкен тойға дайындалып жатыр: Райымбек ауданының 90 жылдығына не жоспарланған?

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026

Жасанды интеллект саласына вице-министр тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026

Әлеуметтік желідегі жазба үшін 20 жылға дейін сотталуыңыз мүмкін – Бас прокуратура

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026

«Әр секунд маңызды»: Қонаев дәрігерлері жаңа туған нәрестелерге қалай көмек көрсетеді?

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz