Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев қазақ тілінің шет тілдерімен байланысын кеңейтуді тапсырды

Тоқаев қазақ тілінің халықаралық деңгейдегі қолданысын кеңейту үшін БҰҰ-ның ресми тілдерімен байланыстыратын екі тілді және көптілді сөздіктер әзірлеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz7

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026
Жаңалықтар

Президент «Қазақ тілі» қоғамы жүзеге асырған Oxford Qazaq Dictionary жобасын жалғастыруды ұсынды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жаңа сөздікті үнемі толықтырып отыру қажет екенін айтты.

«Қазақ тілін халықаралық тілдер қауымдастығында өз орны бар тіл ретінде дамытуымыз керек. Ана тіліміздің өзге тілдермен байланысын қамтамасыз ету өте маңызды. Осы орайда, «Қазақ тілі» қоғамы жүзеге асырған Oxford Qazaq Dictionary жобасын жалғастыру керек деп есептеймін. Мен өзім бұл сөздікті қарап шықтым. Жалпы, пайдалы еңбек деп санаймын. Қазақ тілін Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі ресми тілдерімен жалғайтын сапалы екі тілді және көптілді сөздіктер әзірлейтін уақыт келді. Қазақ-француз, қазақ-испан, қазақ-қытай, қазақ-араб, сонымен қатар, қазақ-неміс, қазақ-итальян, қазақ-жапон, қазақ-корей, қазақ-парсы сөздіктерін жасау қажет. Қазақ-орыс сөздігін уақыт талабына сай жаңартқан жөн. Сөздіктердің электрондық нұсқасын әзірлеп, үнемі толықтырып отыру керек. Тілдің халықаралық байланысын нығайту арқылы мәдени және ғылыми ықпалдастыққа жол ашылады, еліміздің зияткерлік әлеуеті артады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, тілдің болашағы тек сөздік пен оқулыққа байланысты емес. Адам қай тілде ақпарат іздеп, фильм көріп, білім алса, сол тілдің қолданыс аясы да кеңейе түседі.

«Бірақ тілдің болашағы тек сөздік пен оқулыққа байланысты емес. Адам қай тілде ақпарат іздеп, фильм көріп, білім алса, сол тілдің әлеуеті күшейе түсетіні анық. Сондықтан цифрлық кеңістікте қазақ тіліндегі сапалы әрі тартымды өнімдерді көбейту – аса маңызды міндет. Әсіресе, қазақ тілін өздігінен үйренуге мүмкіндік беретін ІТ-өнімдер, балалардың тілін дамытуға арналған фильмдер мен ойындар көп болуы қажет. Қазақша ақпараттың аясы, яғни қазіргі тілмен айтсақ, қазақ тіліндегі контенттің ауқымы мейлінше кең болғаны дұрыс. Ғылым, технология, мәдениет, кәсіпкерлік, спорт және басқа да өзекті тақырыптар бойынша сапалы өнім әзірлеген жөн. Жалпы, осындай жобаларға мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсету қажет. Бұл мәселе бойынша арнайы жұмыс тобын құруға болады. Осы маңызды іске «Қазақ тілі» қоғамының басшысы Рауан Кенжеханұлы және қоғамның мүшелері зор үлес қосары күмәнсіз. Сайып келгенде, тіліміздің болашағына бәріміз бірдей жауаптымыз. Әрқайсымыз қазақ тілінің тұғырын нығайтуға атсалысуымыз керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

AUYL SPORT–2026: Алматы облысының спортшылары бес алтын жеңіп алды

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді — Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Тоқаев қазақ тілінің шет тілдерімен байланысын кеңейтуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Президент: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Президент: Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz