Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді — Тоқаев

Тоқаев қазақ тіліндегі емле мен ережелерді жүйелеп, орфографиялық сөздікті жаңарту қажет екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұл жұмысты келесі жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026
Жаңалықтар

Президенттің айтуынша, ғылым дамыса, қазақ тілі де ғылым мен өндірістің тіліне айналуы керек. Ол үшін отандық ғалымдардың әлеуетін арттырып, жоғары оқу орындары қазақ тіліндегі ғылыми-зерттеу еңбектеріне басымдық беруі қажет.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тіліндегі бірізділік мәселесіне назар аударды. Оның сөзінше, қазір кейбір сөздер, ұғымдар мен түсініктер әртүрлі қолданылып жүр. Бұл жағдай қоғамды шатастырып, тіл тазалығына кері әсерін тигізеді.

«Сондықтан қазақ тілін қолдану ісінде нақты жүйенің, белгілі бір тәртіптің болуына баса мән берген жөн», – деді Мемлекет басшысы

Президенттің пікірінше, ең алдымен емле мен ережелерді реттеп, барлық сөздікті, соның ішінде орфографиялық сөздікті жаңарту қажет.

«Сондықтан біз де қазақ тілі орфографиясының ғылыми негізін зерделеп, жедел түрде ретке келтіруіміз керек. Осы жұмысты келесі жылдың соңына дейін аяқтау қажет», – деп түйіндеді Президент.

Ол Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі ресми түрде 1983 жылы бекітілгенін еске салды. Кейін бірнеше сөздік жарық көргенімен, олардың ешқайсысы мемлекеттік деңгейде бекітілмеген және заңды күші жоқ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

AUYL SPORT–2026: Алматы облысының спортшылары бес алтын жеңіп алды

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді — Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Тоқаев қазақ тілінің шет тілдерімен байланысын кеңейтуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Президент: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

Президент: Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz