Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Әлихан Смайылов ШҚО-ны дамыту бойынша кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды alataunewskz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

07.10.2023
Саясат

Премьер-Министр ШҚО экономикасы бірінші кезекте, тау-кен металлургия өнеркәсібінің дамуымен байланысты екенін, сонымен қатар энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларының да даму әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті.

Мәселен, өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің 70%-ке жуығын тау-кен металлургия саласы құрайды.

«Электромобиль өндірісінің қарқынды өсуіне байланысты литий металын өндіру өзекті болып табылады. Облыстың Ұлан, Шемонаиха аудандарында және Өскемен қаласының шетінде мемлекеттің балансында тұрған литийдің 6 кен орны бар. Барланбаған кен орындары бұдан да көп. Литийдің негізгі тұтынушыларының бірі Қытай және басқа да Азия нарықтары өңірге жақын орналасқан. Әкімдік осы мүмкіндіктерді пайдалану үшін кен орындарын барлау және өндіру жобаларына инвесторларды тартуы керек», — деді Әлихан Смайылов.

Ол өңірде жаңартылатын энергия көздерінің бірі болып табылатын гидроэнергетика саласының жақсы дамығанын атап өтті.

«Жергілікті жерлерді электр энергиясымен қамтамасыз ету және электр желілеріндегі шығынды азайту үшін Алтай ауданындағы «Тұрғысын-1» сияқты шағын гидроэлектростанцияларды салу жобаларын белсенді іске асыру қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр атап өткендей, Үкімет жыл сайын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін қомақты қаржы бөледі.

«АӨК жобаларын іске асыруға қолдау көрсету шараларын әрі қарай да жалғастырамыз. Десе де бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалану керектігін атап өткім келеді. Ең бастысы, өнімділігі жоғары, қайтарымы мол жобаларға басымдық берілуі тиіс», — деді ол.

Атап айтқанда, кәсіпкерлермен бірге Көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жұмыстарын күшейту қажет.

«Қазір бізде осындай қоймаларды салу үшін 50%-ке дейін инвестициялық субсидия беру көзделген. Яғни, бұл салаға мемлекет тарапынан үлкен қолдау шаралары көрсетіледі. Осыған мән беріп, үйлестіру жұмыстарын күшейту керек», — деді Премьер-Министр.

Тегтер: Әлихан Смайылов

Соңғы жаңалықтар

Алматы-Қорғас тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

Қазақстанда электромобильдерге арнайы мемлекеттік нөмірлер беріледі

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

Президент төрт заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық деректері 75 пайызға азайды

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz