Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

eGov.kz мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қызметтерін жаңартты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2024
Жаңалықтар

Енді сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған 18 жастан асқан азаматтардың қамқоршылары eGov.kz порталында онлайн өтініш бере алады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында «кедергісіз орта» құру мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін тең жағдай жасауға бағытталған. Бұрын қамқоршылар қағаз түрінде құжат жинап, арнайы өтініштерді рәсімдеу үшін кезекке тұратын болса, енді жаңартылған қызмет бұл процесті онлайн форматта жеңілдетіп, уақытты едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қамқоршылар eGov.kz порталында келесі қызмет түрлері бойынша онлайн өтініш бере алады:

  • Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету;
  • Бірінші топтағы жүріп-тұруы қиын мүгедектерге жеке көмекші қызметін ұсыну;
  • Мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету;
  • Мүгедектерге арнайы жүріп-тұру құралдарын беру;
  • Мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
  • Есту қабілеті нашар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін (жылына 60 сағат) алу;
  • Үйде күтім жасау жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну;
  • Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер алу.

Онлайн қызметтерді қалай алуға болады?

  1. eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөліміне кіру қажет.
  2. «Мүгедектігі бар адамдарды қолдау» бөлімінен қажетті қызметті таңдау керек.
  3. Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы өтінішке қол қою қажет.
  4. Өтініш берілгеннен кейін оның өңделу барысы туралы хабарлама жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде көрсетіледі.
Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қонаевта Наурыз кең көлемде тойланды: этноауыл, концерт және ағаш отырғызу акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz