Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БЗТ арқылы емделуге өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды

2026 жылғы 12 қаңтар сағат 19:00-ден бастап Отбасы банк басқаратын enpf-otbasy.kz платформасында бір реттік зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен медициналық қызмет алуға өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.01.2026
Жаңалықтар

Банктің мәліметінше, мұндай шешім зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану талаптарын қайта қарауға байланысты қабылданған. Қазіргі уақытта бұл бағытта Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр.

«БЗТ арқылы медициналық қызмет алу шарттарын өзектендіру, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді өзара ықпалдастыру тетіктерін пысықтау жоспарланып отыр. Бұл шаралар зейнетақы қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеуге және рәсімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған», – деп мәлімдеді банк өкілдері.

Құзырлы органдар азаматтардың жинаған қаражатының нақты ем-домға жұмсалуын бақылауды күшейтуді көздеп отыр. Осы арқылы жалған құжат жасау, делдалдық қызмет пен күмәнді медициналық ұйымдар арқылы қаржы игеру секілді заңбұзушылықтардың алдын алу жоспарланған.

Өтінім қабылдау қашан қайта басталатыны әзірге белгісіз. Бұл туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланатыны хабарланды.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясына 20 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz