Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Блогер Қайсар Хамзаға халықаралық іздеу жарияланды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қамза Қайсар Бақытжанұлына халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.01.2026
Жаңалықтар

Тергеу мәліметінше, күдікті соңғы бес жыл бойы Instagram желісінде qais_arr атауымен белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, 2,4 миллионнан астам жазылушы жинаған. Сонымен қатар, Telegram мессенджеріндегі «Қора энтертейнмэнт» атты жабық арнаны басқарған, оның аудиториясы 368 мыңнан асады.

Күдікті әлеуметтік желідегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан азаматтарын «Pinco» сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағыттайтын тікелей сілтемелерді, графикалық элементтер мен үндеулерді қамтыған бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырып отырған. Сондай-ақ бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен.

Тергеу дерегіне сәйкес, Қамза Қ.Б. азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алған. Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиян пайдаланған. Оған «Pinco» интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырғаны анықталған.

Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

Егер іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Қаржылық мониторинг агенттігі келесі байланыс нөміріне хабарласуды сұрайды:
+7 7172 70 84 78 – кезекші бөлім.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz